Ақпарат » Страница 41 » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мен және менің полицейім" республикалық акциясы
11
сәуір
2022
"Мен және менің полицейім" республикалық акциясы
Аудандық білім бөлімінің 22 жыл 11 сәуірдегі #461 хатына сәйкес  мектепте "Мен және менің полицейім" республикалық акциясы аясында  мектеп инспекторы А. Алишев 6,9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында  оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындарда және жолдарда мінез -құлық қағидалары,  бейтаныс адамдармен қарым -қатынас кезіндегі мінез-құлық қағидалары, ерте жүктіліктің алдын алу, нашақорлықтың, өзіне -өзі қол жұмсаудың алдын алу мәселелері туралы
"Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша" тақырыбында семинар тренинг
08
сәуір
2022
"Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша" тақырыбында семинар тренинг
#34ЖОББМ мектеп психологы: Нурмаханбетова Г.А.  2021-2022 оқу жылының сәуір айында мектеп оқушыларының психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлық және ЮНИСЕФ жобасы аясында  9-11 сынып окушыларымен "Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша" тақырыбында семинар тренинг ұйымдастырды. Тренингтің масаты: Өмірді суюге  үйрету, оның әрбір сәтін қадірлеуді түсіндіру. Өмірдің мәні туралы ой-пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзкараспен қарауға, бағалай білуге тәрбиелеу. Семинарды ДТІЖО
«Интегративті тәсіл және пәнаралық синтез негізінде шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында өткен курс аясында шағын жинақталған мектептер арасында 2022 жылдың 5  сәуірі күні №34 жалпы орта білім беретін мектебінде  с
05
сәуір
2022
«Интегративті тәсіл және пәнаралық синтез негізінде шағын жинақталған
Меркі ауданында «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» 2022жылдың 28 наурызы мен 08 сәуір аралығында «Интегративті тәсіл және пәнаралық синтез негізінде шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында өткен курс аясында шағын жинақталған мектептер арасында 2022 жылдың 5  сәуірі күні №34 жалпы орта білім беретін мектебінде  семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімі З.Туребекова 4-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен
"№ 34 жалпы орта  білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
28
наурыз
2022
"№ 34 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады "№ 34 жалпы орта  білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім. * Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу
Тұрлыбай батыр ауылында Наурыз мерекесі
22
наурыз
2022
Тұрлыбай батыр ауылында Наурыз мерекесі
Ағымдағы жылдың 22 наурыз күні Тұрлыбай батыр ауылында Наурыз мерекесін ауыл -аймақ болып атап өтті. Ауыл іргесінде киіз үйлер тігіліп, алтыбақан орнатылды. Ауыл тұрғындары ұлттық киімдерін киіп салтанаттың сәнін кіргізді.   Мерекеге орай дастархан жайылып, наурыз көже  дайындалды. Ауыл ақсақалдары С. Билібаев пен Ж. Айтимбетов ауыл тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап мерекенің шымылдығын ашты. Ауыл имамы Алтынбек молда мерекелік дастарханға бата берді.   Мектеп оқушылары ән айтып, би
"Таза табиғат" ұлттық жобасы
20
наурыз
2022
"Таза табиғат" ұлттық жобасы
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 34 ЖОББМ "Таза табиғат" ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында мектеп аумағында көктемгі тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша "Таза табиғат " экологиялық акциясы өтті. Акцияға 6-9 сынып оқушылары, ұстаздар белсене қатысты. Акцияның мақсаты — қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру.
"Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты мерекелік концерт
19
наурыз
2022
"Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты мерекелік концерт
22 наурыз мерекесін мерекелеу жоспарына сәйкес мектепте "Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара өтетін сахна тақырыпқа сай безендендірілген. Мерекелік кешті құттықтау сөзімен мектеп директоры Е. Далиев ашып, мерекенің мәні мен мағынасына тоқталып, іс-шараға қатысушылар мен көрермендерді мерекемен құттықтады. Салтанатты іс -шара "Наурыз-жыл басы" сахналандырылған көрінісімен басталып, мектептің өнерлі білім алушылары Әкімқұл Н., Төстік Т. , Берік Ә. "Отанымды
"Үкілі кәмшат"  атты ұлттық киімдер флешмобы
19
наурыз
2022
"Үкілі кәмшат" атты ұлттық киімдер флешмобы
Әз-наурыз мерекесіне орай оқушылар арасында "Үкілі кәмшат"  атты ұлттық киімдер флешмобы өтті. Флешмобтың мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрін,мәдениетін  ұлттық киімдерінің   мәні мен мағынасы, үйлесімділігі туралы түсінік қалыптастыру,оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту.Эстетикалық тәрбие беру.   Флешмобқа  қатысушы жасөспірім қыздар қазақ халқының  ұлттық көйлектерін киіп, мың бұрала әсем әуенге биледі.  Тарихы тереңде жатқан мәдениеті сонау ықылым заманнан қалыптасып, дамыған қазақ
"Мамандықтар әлемі" атты тақырыбында дөңгелек үстел
18
наурыз
2022
"Мамандықтар әлемі" атты тақырыбында дөңгелек үстел
№34ЖОББМ күні:18.03.22  әлеуметтік педагогы:Сабырханова Г.Т 9-11 сынып оқушылар арасында "Мамандықтар әлемі" атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.                                                    Мақсаты:-мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Мамандық таңдауына көмектесу бағыт-бағдар беру  және психологиялық қолдау көрсету. Әңгіме барысында білім алушыларға мамандық алудың 5 баспалдағын жоспарлау, мамандықтар тобы, мамандық сүйікті-іс,кәсіп,еңбек көзі, қызығушылық туралы
"Мамандықтар әлемі" атты тақырыбында дөңгелек үстел
18
наурыз
2022
"Мамандықтар әлемі" атты тақырыбында дөңгелек үстел
№34ЖОББМ күні:18.03.22  әлеуметтік педагогы:Сабырханова Г.Т 9-11 сынып оқушылар арасында "Мамандықтар әлемі" атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.                                                    Мақсаты:-мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Мамандық таңдауына көмектесу бағыт-бағдар беру  және психологиялық қолдау көрсету. Әңгіме барысында білім алушыларға мамандық алудың 5 баспалдағын жоспарлау, мамандықтар тобы, мамандық сүйікті-іс,кәсіп,еңбек көзі, қызығушылық туралы