19
наурыз
2022
"Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты мерекелік концерт
22 наурыз мерекесін мерекелеу жоспарына сәйкес мектепте "Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара өтетін сахна тақырыпқа сай безендендірілген. Мерекелік кешті құттықтау сөзімен мектеп директоры Е. Далиев ашып, мерекенің мәні мен мағынасына тоқталып, іс-шараға қатысушылар мен көрермендерді мерекемен құттықтады. Салтанатты іс -шара "Наурыз-жыл басы" сахналандырылған көрінісімен басталып, мектептің өнерлі білім алушылары Әкімқұл Н., Төстік Т. , Берік Ә. "Отанымды жемеңдер", "Қазағым ай", Қошығұл А. мен Тоқтағұл А. "Бұлбұлым" әнімен ұласты. Әже образындағы ұстаздардың орындаған "Дедімай-ау" әні көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, импровизацияланған "Жеңешем" әні мен жігіттер үштігінің орындауындағы сахналандырылған "Әттең тонның келтесі ай" әндері көрерменді күлкіге кеңелтті. Сондай ақ іс -шара барысында "Нәрестеге ат қою", "Тұсау кесу", "Қымызмұрындық" және ұмыт болып бара жатқан "Біз шаншар" сынды салт-дәстүрлер концертті одан әрі қыздыра түсті.Көрермен болып отырған ата-аналар , ұстаздар және оқушылар мерекелік кештен керемет әсер алып, көңілдері бір көтеріліп қалғандарын айтып, кері байланыс жасады
