28
наурыз
2022
"№ 34 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
"№ 34 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау
1 сәуірде басталады
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
* Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
* Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
⠀
2022 жылы 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі.
«Жалпы орта білім мектептерінің 1-сыныбына қабылдау 1 сәуірден басталады. Бұл ата-аналар үшін ерекше жағдай. Алдын ала мектепті белгілеп, egov.kz арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.
1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Қажет құжаттар тізімі:
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты;
063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.