19
наурыз
2022
"Үкілі кәмшат" атты ұлттық киімдер флешмобы
Әз-наурыз мерекесіне орай оқушылар арасында "Үкілі кәмшат" атты ұлттық киімдер флешмобы өтті. Флешмобтың мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрін,мәдениетін ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасы, үйлесімділігі туралы түсінік қалыптастыру,оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту.Эстетикалық тәрбие беру.
Флешмобқа қатысушы жасөспірім қыздар қазақ халқының ұлттық көйлектерін киіп, мың бұрала әсем әуенге биледі. Тарихы тереңде жатқан мәдениеті сонау ықылым заманнан қалыптасып, дамыған қазақ халқының сән, өнер саласында да өзіндік қолтаңбасы бар екенін қыздардың киген түрлі үлгідегі киімдерінен байқауға болады.