05
сәуір
2022
«Интегративті тәсіл және пәнаралық синтез негізінде шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында өткен курс аясында шағын жинақталған мектептер арасында 2022 жылдың 5 сәуірі күні №34 жалпы орта білім беретін мектебінде с
Меркі ауданында «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» 2022жылдың 28 наурызы мен 08 сәуір аралығында «Интегративті тәсіл және пәнаралық синтез негізінде шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында өткен курс аясында шағын жинақталған мектептер арасында 2022 жылдың 5 сәуірі күні №34 жалпы орта білім беретін мектебінде семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімі З.Туребекова 4-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен «Суасты тіршілігіне қамқорлық тақырыбында», математика пәні мұғалімі А.Ертаева 5-сыныпта «Санның пайызын табу» тақырыбында ашық сабақтар көрсетті. Сабақта оқу мақсатына жету үшін, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тиімді оқудың белсенді әдіс-тәсілдері қолданылды. Атап айтатын болсақ әдебиеттік оқу сабағында «Фишбоун», «Зертте», «Біліміңді қолдан» сабақты бекіту кезеңінде «Ашық және жабық сұрақтар» әдістері қолданылды. Математика сабағында «Конверт хат», «Сен маған, мен саған» әдісі арқылы жұптық жұмыс, оқушылардың деңгейіне қарай сараланған «Сәйкестендіру», «Сиқырлы көпбұрыш», «Пазл» әдістері арқылы жеке тапсырмалар орындалды. Сабақтарға оқушылар белсене қатысып, бағалау жүйесі тиімді пайдаланылды, оқушылар оқу мақсатына жетті. Мектеп психологы: Г. Нурмаханбетова «Жылылық сыйлау» тренинг, «Ең бақытты жұпты таңдаңыз» психологиялық тест, «Әуенді терапия» жүргізді. Психологиялық жаттығуларға ұстаздар белсене қатысып, талдау барысында кәсіби құлшыныстарының артуы мен көңіл-күйлерінің көтеріліп қалғандығын, бір топтың мүшесі екендіктерін сезінгендіктерін жеткізді.