Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы А. Алтынбаева мен мектеп директоры Е. Далиевтың ұйымдастыруымен мектебіміздің 20 білім алушысы тарихы терең Түркістан қаласына саяхат » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы А. Алтынбаева мен мектеп директоры Е. Далиевтың ұйымдастыруымен мектебіміздің 20 білім алушысы тарихы терең Түркістан қаласына саяхат
16
мамыр
2022

Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы А. Алтынбаева мен мектеп директоры Е. Далиевтың ұйымдастыруымен мектебіміздің 20 білім алушысы тарихы терең Түркістан қаласына саяхат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы А. Алтынбаева мен  мектеп директоры Е. Далиевтың  ұйымдастыруымен мектебіміздің 20 білім алушысы  тарихы терең Түркістан қаласына саяхат жасап, жаңа әрі тартымды демалыс орындарын аралады. Өрендер  алғашында шырайлы Шымқаладағы ЗООбақта болып, ондағы әлемнің  сан тарабынан әкелінген хайуанаттарды қызықтап, Ахмет Яссауи кесенесінде  болды. Киелі орындарда балаларға тарихи-танымдық ақпараттар берілді. Оқушылар ер түріктің бесігі атанған қаланың бұдан өзге де  қасиетті орындарында болып, тарихи жәдігерлермен жақынырақ танысты. Сонымен бірге кесене маңындағы жаңа кейіпке енген демалыс орындарын аралады. «Керуен сарайда» тыныққан балалар қабылдау орталығына келіп, Түркістанның тарихымен, туристік орындарымен танысты. «Сиқырлы керуенде» асыр салып ойнап, тарихи-мәдени этнографиялық орталығын тамашалады. «Хандар ордасы» монументіне барып, қазақ хандарының тарихымен танысты. Түркі әлемінің орталығын алаңсыз аралап, қиялдарына қанат біткен балалар Түркістанның көз тартар сұлулығына сүйсінгендерін жасыра алмады. Мереке сыйлаған азаматтарға алғыстарын білдіріп, оқуда озат болатындарын жеткізді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив