19
сәуір
2022
40 жыл өмірін бала тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаз Абуева Алшагүл Аманқызымен кездесу , өнеге сағаты
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2022 жыл - балалар жылы деп белгілеп бергеніне орай жасалған іс -шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 19 сәуір күні 7-11 сынып білім алушылары 40 жыл өмірін бала тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаз Абуева Алшагүл Аманқызымен кездесіп , өнеге сағатын өтті. Кездесу барысында ардагер ұстаз мемлекет басшысының биылғы жылды балаларға арнағаны өте орынды болғанын, және биыл өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалып жатқан игі бастамалар келешекте де жалғасын тапса нұр үстіне нұр боларын айтты. Оқушылар ұстазға ұстаздық еткен жылдарда есінде қалған ең қызықты сәттерін әңгімелеп беруді сұранып, өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Бүгінде зейнеткер ұстаз , балаларға сапалы білім алып қана қоймай сонымен қатар саналы тәрбие алуды да маңызды екенін мысалдар келтіре отырып дәлелдеп берді. Өнеге сағатына қатысқан оқушылар ардагер ұстазға берген ақыл-кеңестері үшін алғыстарын айтты.
