1қыркүйек - Білім күні » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1қыркүйек - Білім күні
01
қыркүйек
2021

1қыркүйек - Білім күні

 




№34 жалпы орта білім беретін мектепте 1қыркүйек - білім күні ерекше аталып өтті.Мектеп ғимараты бой көтергеннен бері 46 жыл дегенде алғаш рет күрделі жөндеуден өткен мектептің алғашқы білім күніне арналған салтанатты жиынына аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева  Айгерім Аханқызы, аудан әкімі аппаратының басшысы Рахымбаев Азамат Болатұлы, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Байбосынов Ербол Байбосынұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ізбасарова Гульзира Арынбайқызы қатысты.2021-2022 оқу жылында жаңарған мектепте 122 оқушы білім алады. Әлемде орын алған пандемия жағдайына байланысты биыл білім күніне арналған"Кел, балалар, оқылық! " атты салтанатты жиынға тек 1 сынып оқушылары ғана қатысты. 2-11 сынып оқушылары үшін "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында білім күні сабағы өтілді.  Салтанатты жиынды мектеп директоры Далиев Ержан Ахылбекұлы ашып, мектеп ұжымына, оқушылар мен ата- аналарға жаңа оқу жылында білім кемесінде биік белестерді бағындыруда сәттілік тіледі. Келесі болып сөз кезегін алған аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлы ұстаздарды, оқушыларды және ата - аналарды білім күні мерекесімен құттықтап, жаңарған, заман талабына сай жабдықталған мектептің оқушылары бәсекеге қабілетті болатынына сенімді екенін айта отырып биылғы жыл еліміз үшін ерекше екендігін, яғни  тәуелсіздігімізге 30 жыл толатынына назар аудартып, мемлекетіміздің 30 жылда жеткен жетістіктеріне тоқтала отырып, бүгінгі күә болып отырған  жаңарған мектебіміз - бұл мемлекетіміздің болашақ ұрпаққа деген қамқорлығы екендігін  айтты. Сонымен қатар биылғы жылы білім саласындағы қуанышты өзгеріс - бұл 1 сыныпқа әліппе оқулығының оралуы болды. Салтанатты жиында 1 сынып оқушыларына әліппе оқулығын аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы және мектеп директоры Далиев Ержан Ахылбекұлы тапсырды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив