07
наурыз
2023
Мекеме басшысы Далиев Ержан Ахылбекұлының барша арулар қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтауы!
Мекеме басшысы Далиев Ержан Ахылбекұлының барша арулар қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтауы!
Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл - күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш - жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!Әйел әрқашан халықтың ар - ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.
Әйел өзінің табиғатынан - ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл - қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын.Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!