07
ақпан
2025
“ Жас Ұлан” мен “ Жас Қыран” балалар мен жасөсіпірімдер ұйымына қабылдау салтанаты
№34. жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп тәлімгері Б.Қайратқызының ұйымдастыруымен “ Ұланымыз Ұлы Елдің!” атты 2,5 сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай “ Жас Ұлан” мен “ Жас Қыран” балалар мен жасөсіпірімдер ұйымына қабылдау салтанатты түрде өткізілді. Қабылдау рәсіміне 22 оқушы, соның ішінде “ Жас Ұлан” ұйымына 10 білім алушы, “Жас Қыран” ұйымына 12 білім алушы қабылданды. Жиын барысында білім алушыларға “ Жас Ұлан” ұйымының мақсат-міндеттері таныстырылып өткізілді. Ұйымға қабылданған білім алушылар “ Ант” қабылдау рәсімін орындап белсенді оқушылар мен ұстаздар оқушыларға “ Жас Ұлан” , “ Жас Қыран” ұйымының галстугын тағып, ұйымға қабылданған білім алушыларды құттықтады.
