09
желтоқсан
2022
1-4 сынып оқушылары арасында «Сиқырлы қыс» сурет байқауы
№ 34 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 5-9 желтоқсан аралығында «Жас қыран» ұйымының оқушылары арасында яғни 1-4 сынып оқушылары арасында «Сиқырлы қыс» сурет байқауы өткізілді. Мақсаты: Бейнелеу өнеріндегі арынды оқушыларды анықтау, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, патриоттық көзқарастарын дамыту. «Жас қыран» ұйымының оқушылары белсене ат салысып, бірінен-бірі өтетін өз қолдарымен салынған сурет туындыларын жарыса « Сиқырлы қыс» тақтасына ілді. Мектепішілік «Сиқырлы қыс» сурет байқауының нәтижесінде: І жүлделі орынды мектебіміздің 4-сынып білім алушысы Дарьябай Әдемі иеленсе, 1- сынып оқушысы Тоқтағұл Нариман ІІ орынды өз қанжығасына байлап, ІІІ дәрежелі орынды 2-сынып оқушысы Әшімбек Айқын иеленіп, 1-сынып оқушысы – Құсанбай Әмір «Креативті суретші» номинациясымен марапатталды.
