26
қазан
2022
« Ұлт руханияты ұрпақ аманаты» тақырыбында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелерімен дөңгелек үстел
№ 34 жалпы орта білім беретінде мектебінде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектеп комитеті « Руханият» бағыты бойынша бөлім жетекшісі, мектеп Ұланбасы мен мектеп тәлімгерінің жетекшілігімен « Ұлт руханияты ұрпақ аманаты» тақырыбында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: «Ұлт руханиятының» құндылық ретіндегі мәнін ашып түсіндіру, ұлттық рухани мұра түрлері,мәні оны қорғау туралы түсінік беру. Дөңгелек үстелді бастамас бұрын білім алушылармен бірінші кезекте «Нұрға бөлену» сергіту сәті өткізілді.Білім алушыларға « аманат» , «құндылық» сөздерінің мағынасы нені білдіретіндігі және қандай тарихи маңызы бар екені түсіндірілді. Аманат сөзін толық түсіндіру үшін білім алушыларға Ноғайлы дәуіріндегі атақты батыыр Кегенес Кенжебайдың досы Ақпанбет батырдың Кегенес Кенжебай батырға айтқан аманаты туралы оқиға желісінен үзінді оқылып, «аманат» сөзі тереңінен түсіндірілді. Дөңгелек үстелде оқушыларға сұрақтар қойылып, оқушылар белсене ат салысып сұрақтарға жауап берді.
