"Достық-2025" мектеп жанындағы лагері » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Достық-2025" мектеп жанындағы лагері
"Көңілді тапқырлар" атты зияткерлік-ойын-сауық сайысы
26
маусым
2025
"Көңілді тапқырлар" атты зияткерлік-ойын-сауық сайысы
Жазғы сауықтыру алаңында "Алау" және "Шабыт" топтары арасында "Көңілді тапқырлар" атты зияткерлік-ойын-сауық сайысы ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада оқушылар тапқырлықтарын, ойлау қабілеттерін, сахнада өз-өзін ұстау мәдениетін көрсетті. Әр топ әзіл-қалжың, сахналық көрініс, сұрақ-жауап және музыкалық номерлер бойынша бақ сынасты. Шара өте көңілді әрі тәрбиелік мәнге толы өтті.
«Достық – ең қымбат байлық»
25
маусым
2025
«Достық – ең қымбат байлық»
"Достық" сауықтыру лагерінде "Алау" тобында «Достық – ең қымбат байлық» тақырыбында пікірсайыс қызықты әрі тәрбиелік мәні зор болып өткізілді. Жақтаушылар тобы: Достық — адам өміріндегі ең бағалы сезім. Шынайы дос қиын сәтте қолдау көрсетеді, қуанышты бірге бөліседі. Байлық жоғалса табылады, ал адал дос табу қиын. Қарсы топ: Достық маңызды, бірақ одан да маңыздысы – отбасы, білім мен денсаулық. Кейде достық уақытша болуы мүмкін, ал өмірлік құндылықтар тұрақты болуы тиіс. Қорытынды:  Оқушылар
"Алау" тобында «Тапқыр болсаң, тауып көр!» атты интеллектуалды ойын
24
маусым
2025
"Алау" тобында «Тапқыр болсаң, тауып көр!» атты интеллектуалды ойын
Достық сауықтыру лагерінде "Алау" тобында «Тапқыр болсаң, тауып көр!» атты интеллектуалды ойын қызықты әрі танымдық түрде өтті. Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, білімін арттыру, тапқырлыққа баулу. Ойын барысы: - Қатысушылар топтарға бөлінді.   - Әр топқа жұмбақтар, логикалық сұрақтар, мақал-мәтелдерді жалғастыру, ребус шешу тапсырмалары берілді.   - Әр дұрыс жауапқа ұпай беріліп отырды. Қорытынды: Ойын тартысты өтті, оқушылар белсенділік танытты. Жеңімпаз топ марапатталды. Бұл
«Шабыт» тобының қатысуымен «Polyglot» атты зияткерлік ойыны
24
маусым
2025
«Шабыт» тобының қатысуымен «Polyglot» атты зияткерлік ойыны
Жазғы сауықтыру алаңында «Шабыт» тобының қатысуымен «Polyglot» атты зияткерлік ойын өткізілді.  Мақсаты: Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту, үштілділік дағдыларын дамыту және ойлау қабілетін жетілдіру.  Ойын барысында  балалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген тапсырмаларға жауап беріп, логикалық ойлау мен шапшаңдықтарын көрсетті. Зияткерлік сайыс оқушылардың белсенділігін арттырып, өз білімдерін ортаға салып, еркін сөйлеуіне мүмкіндік берді.  
"Алау" тобымен "Who Wants to Be a Millionaire?" зияткерлік ойыны
24
маусым
2025
"Алау" тобымен "Who Wants to Be a Millionaire?" зияткерлік ойыны
Жазғы сауықтыру лагерінде "Алау" тобымен "Who Wants to Be a Millionaire?" зияткерлік ойыны өткізілді.  Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімін нақтылау, шапшаңдық пен зейінділікті арттыру.  Ойын барысында қатысушыларға әртүрлі пәндерден сұрақтар қойылып, жауап беру арқылы келесі кезеңге өтті. Көмек ретінде үш мүмкіндік («50/50», «Досыңнан сұра», «Залдан көмек») қолданылды.  Оқушылар белсенділік танытып, білімдерін сынап, өзара достық қарым-қатынаста ойнады. Жеңімпаз топ
“Кейіпкерлер шайқасы”
24
маусым
2025
“Кейіпкерлер шайқасы”
 “Жалын” тобы — шынайы әдеби отқа оранды!  “Кейіпкерлер шайқасы” атты әсерлі әдеби ойында балалар қазақ және әлем әдебиетінің батырлары мен кейіпкерлерін сахнаға шығарып, өзара “шайқастырды”.  Бірі Ер Төстікті жақтады, бірі Шерханның көзқарасын қорғады. Бұл — жай ойын емес, бұл — ой, сөз, қиял мен кітапқа деген махаббаттың көрінісі!  Мақсат — балалардың әдеби дүниетанымын кеңейту, кейіпкерлерді сараптай білуге және өз пікірін дәлелдей алуға үйрету. Кітапханашы: Шакирова Аймарал Орны: “Достық”
"Жалын" тобында «Кітап оқу – білімнің кілті» пікірсайысы
23
маусым
2025
"Жалын" тобында «Кітап оқу – білімнің кілті» пікірсайысы
Достық сауықтыру лагерінде  "Жалын" тобында «Кітап оқу – білімнің кілті» пікірсайысы өтілді  Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Пікірсайыс барысы: Тақырып екі жаққа бөлініп талқыланды:   - Жақтаушылар тобы: Кітап оқу адамның білімін, тіл байлығын арттырады, ой-өрісті кеңейтеді деді.   -Қарсы пікір тобы: Қазір ақпаратты тез алу үшін видео, интернет, аудиокітап секілді баламалар тиімді екенін айтты. Қорытынды: Оқушылар  кітап
"Шабыт", "Жалын", "Алау" топтары арасында "Макеттер" байқауы
20
маусым
2025
"Шабыт", "Жалын", "Алау" топтары арасында "Макеттер" байқауы
"Достық" жазғы сауықтыру лагерінде "Шабыт", "Жалын", "Алау" топтары арасында "Макеттер" байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты — балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, тұрмыстық қалдықтардан пайдалы бұйымдар жасауға баулу, экологиялық сана мен ұқыптылыққа тәрбиелеу.   Әр топ өз қолдарымен ерекше макеттер жасап, оларды қорғап шықты. Қатысушылар қолданылған материалдардың тиімділігіне, идеяның ерекшелігіне және эстетикалық безендірілуіне ерекше көңіл бөлді.  Ұн Балалар өз өнерлерін
"Жалын" тобымен *"Who Wants to Be a Millionaire?"* зияткерлік ойыны
20
маусым
2025
"Жалын" тобымен *"Who Wants to Be a Millionaire?"* зияткерлік ойыны
Жазғы сауықтыру лагерінде "Жалын" тобымен *"Who Wants to Be a Millionaire?"* зияткерлік ойыны өткізілді.   Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімін нақтылау, шапшаңдық пен зейінділікті арттыру.  Ойын барысында қатысушыларға әртүрлі пәндерден сұрақтар қойылып, жауап беру арқылы келесі кезеңге өтті. Көмек ретінде үш мүмкіндік («50/50», «Досыңнан сұра», «Залдан көмек») қолданылды.   Оқушылар белсенділік танытып, білімдерін сынап, өзара достық қарым-қатынаста ойнады. Жеңімпаз
"Шабыт" тобында "Сиқырлы бояулар сыры" тақырыбында сурет салу шарасы
20
маусым
2025
"Шабыт" тобында "Сиқырлы бояулар сыры" тақырыбында сурет салу шарасы
"Достық" жазғы лагерінде "Шабыт" тобы "Сиқырлы бояулар сыры" тақырыбында сурет салу шарасын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар түрлі түсті бояулармен табиғат, жаз мезгілі, достық және қиял әлемі тақырыптарында суреттер салды. Бұл шығармашылық жұмыс балалардың ой-қиялын дамытып, бояулардың құпия сырын ашуға, түстерді үйлестіруге, көркемдік талғамын жетілдіруге мүмкіндік берді.