24
маусым
2025
"Алау" тобымен "Who Wants to Be a Millionaire?" зияткерлік ойыны
Жазғы сауықтыру лагерінде "Алау" тобымен "Who Wants to Be a Millionaire?" зияткерлік ойыны өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімін нақтылау, шапшаңдық пен зейінділікті арттыру.
Ойын барысында қатысушыларға әртүрлі пәндерден сұрақтар қойылып, жауап беру арқылы келесі кезеңге өтті. Көмек ретінде үш мүмкіндік («50/50», «Досыңнан сұра», «Залдан көмек») қолданылды.
Оқушылар белсенділік танытып, білімдерін сынап, өзара достық қарым-қатынаста ойнады. Жеңімпаз топ мадақтамамен марапатталды.
Ойын оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, есте қаларлық көңілді сәттер сыйлады.
