20
маусым
2025
"Шабыт" тобында "Сиқырлы бояулар сыры" тақырыбында сурет салу шарасы
"Достық" жазғы лагерінде "Шабыт" тобы "Сиқырлы бояулар сыры" тақырыбында сурет салу шарасын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар түрлі түсті бояулармен табиғат, жаз мезгілі, достық және қиял әлемі тақырыптарында суреттер салды.
Бұл шығармашылық жұмыс балалардың ой-қиялын дамытып, бояулардың құпия сырын ашуға, түстерді үйлестіруге, көркемдік талғамын жетілдіруге мүмкіндік берді.
