Ауданының мектеп педагогтеріне және оқушыларға арналған семинар-практикум өтті
Меркі ауданының мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының арасында робототехникадан «Қазақтың ұлттық ойындары» аудандық семинар – практикум
Семинар мақсаты: робототехника және бағдарламалау салаларында іс – тәжірибемен бөлісу және дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау. Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға шақырып, жас ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдағы сан алуан өзгерістерге баса назар аудару.
Семинар үш секциядан тұрады:
1-cекция: Мұғалімдердің іс – тәжірибемен бөлісуі
2- секция: Эстафеталық роботтар жарысы
3-секция: 3 D модельдеу және баспаға шығару.
1-секция:
Сағат 10:00
- Алтынбеков Асет – Тақырыбы: «Лабиринт санаты кезіндегі робот пен бағдарламалауға қойылатын талаптар»
- Александрович Олег – Тақырыбы: «Особенности требований к роботу и программированию по категории сумо»
- Бейсеналиев Нұрғиса– Тақырыбы: «3 D принтерді баспаға әзірлеу, баспаға шығару»
- Абышева Динара – «Биатлон» workshop
2- секция :

Роботтар эстафетасы:
Білім алушының жас ерекшеліктері 11-14 жас.
Роботқа қойылатын талаптар: салмағы 1 кг. Өлшемі: 20х20
Эстафета 4 санаттан тұрады. Топта 1-3 автономды робот болады. 1 робот бірнеше санат бойынша қатысуға болады. Топта максимум 3 қатысушы.
1. «Арқан тартыс»: автономды робот 2,5 кг жүкті мәре сызығына дейін тарту керек. Робот жүкті 50 см қашықтыққа тарту керек. Максималды уақыт 2 минут. Жүкті белгіленген сызықтан асырса 10 ұпай.

2. «Асық ату»: Робот қызыл сызық бойымен жүріп асықтарды шеңберден шығарып, қайта қайту керек.
Ұпай саны: 1 қағылған асық 10 ұпай. Максималды уақыт 2 минут.
3. «Көкпар» дода сайысында мәреге жүкті (салым) салу. Робот жүкті тауып, мәре шеңберіне салады. Максималды уақыт 3 минут. 1 салым – 10 ұпай.
4. «Жамбы ату»
1 «Жамбы ату» робот жарысына қатысу үшін командаға ату аймағынан нысананы орналасқан жерін анықтай алатын жəне нысананы көздеп атып, бастапқы (Старт) аймағына ең аз уақыт ішінде қайта орала алатын автономды роботты дайындау керек.
2 Тапсырманы орындауға

5. «Теңге алу» жарысының ережесі
Қатысушылардың жасы: 11-14 жас
Команда: 1 адам
Роботтар: автономдық жұмыс
Қолданылатын жабдықтар: шектеусіз.
Бағдарламалау тілі: шектеусіз.
Тапсырманың сипаттамасы:
- Робот ең аз уақыт ішінде дәлізге мүмкіндігінше көп ТЕҢГЕ көтеріп, лақтыруы керек.
- ТЕҢГЕ түсіруге арналған дәліз роботтың қозғалыс сызығының сол жағында орналасқан, 20×20 мм арқалықтармен шектелген, дәліздің ені – 430 мм.
- Алаңда 5 сақина бар, әр шеңбердің ортасында ТЕҢГЕ кубиктері орналастырылған.
максимум 2 минут уақыт беріледі.





3-секция:
3 D модельдеу және баспаға шығару.
Командада: 1-2 адам.
Қолданылатын жабдық: 3D-принтер.
Модельдеу ортасы:шектеулер жоқ.
Тапсырманың сипаттамасы:Жарыс күнінде қатысушыларға қандай да бір модель беріледі. Автоматтандырылған жобалау жүйесінде (АЖЖ) өнімнің 3D моделін құру, прототипті 3D-принтерде басып шығару үшін жобаны дайындау қажет. Модельдің өзін берілген 3D-принтерде максималды дәлдікпен ойнату керек. Принтер моделі жарыс күнінде белгілі болады







