07
желтоқсан
2021
"Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары" пікір алмасу
N34 ЖОББМ-де "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" науқаны аясында "Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары" тақырыбында А.Н.Ертаева мұғалімдер арасында пікір алмасу өтті. МАҚСАТЫ: зорлық-зомбылық туралы мәлімет беру, оның түрлеріне тоқталу, мектепте білім алушылардың бір біріне әлімжеттік көрсетуіне жол бермеу. Пікір алмасу барысында ең алдымен күш көрсету бұл зорлық-зомбылықтың белгілері, зорлық-зомбылықтан кейінгі баланың мінез-құлығында байқалатын өзгерістерге тоқталып өтті. Балаларды қауіп қатерден қорғау үшін оларды сақтыққа, зейінділікке, қауіпті-жағдайлардың алдын алып үйрету қажет, ондай жағдай далада немесе үйде де болуы мүмкін екендігін түсіндіру болып табылады.
