04
наурыз
2025
«Жүректен шыққан шынайы сөз»
№34 ЖОББ мектебінің педагог психологы: Нурмаханбетова Г.А. «Жүректен шыққан шынайы сөз» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: Қатысушылар арасында шынайы және ашық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету. Адамдар арасындағы сенімділікті, түсіністік пен құрметті қалыптастыру. Эмпатия мен өзара байланыс дағдыларын дамыту. Барысы: Ұйымдастыру. «Мен және менің сезімім». «Шынайы жауап» жаттығуы. «Кері байланыс». «Жүректен жүрекке» бөлімдерінен тұрды. Тренингтен алынған негізгі идеялар мен эмоциялар туралы ой бөлісу.
Қорытынды сұрақ "Шынайы жауап беру мен қарым-қатынас сіздің өміріңізде қандай өзгерістер әкеледі деп ойлайсыз?" дегенге. - Әр қатысушы алған әсері мен ойларын бөлісті.
Нәтижесінде қатысушыларға шынайы әрі ашық қарым-қатынас орнату мен дұрыс кері байланыс беру дағдыларын өз өмірінде қолдануға кеңес берілді.
