07
ақпан
2025
«Әр бала бақытты болуға лайықты»
№34 ЖОББМ бойынша Психологиялық кеңес беру айлығы жопары аясында «Әр бала бақытты болуға лайықты» тақырыбында 40 отбасына үнпарақтар таратылып, кеңестер берілді. Мақсаты: Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Ата-аналарды баланың сезімдерін түсініп, оның дамуына, психологиялық жағдайына әсер ететін дұрыс амалдармен таныстыру. Сонымен қатар, бір-бірін тыңдау және қолдау көрсету арқылы отбасы ішінде өзара құрмет пен сенімді қарым-қатынас орнатуға психологиялық тұрғыдан ықпал ету.
Міндеті:
1. Баланың сезімдерін тыңдау — баланың ойын және сезімін дұрыс қабылдап, қолдау көрсету.
2. Сенімді қарым-қатынас құру — ашық және шынайы қарым-қатынас орнату арқылы сенімділікті арттыру.
3. Позитивті орта қалыптастыру — баланың тұлғалық дамуына, өзін-өзі бағалау деңгейіне оң әсер ету.
4. Конструктивті қақтығыстар шешу — даулар мен келіспеушіліктерде сабырлы болу, баланың эмоцияларына түсіністікпен қарау.
