20
желтоқсан
2022
Жас мамандармен "Эмоция әлемі" тақырыбында тренинг
#34 ЖОББМ психологы: Г. Нурмаханбетова жас мамандармен "Эмоция әлемі" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: педагогтардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым - қатынас орнату. Тренинг барысы ұлы ғұламалардың дәйексөздерін оқып, талдаудан басталды. Педагогтарға арналған ереже бойынша кеңес берілді. Смайлик арқылы көңіл - күйлерін көрсетіп, сурет салдыру арқылы арттерапия жасалынды. Жас мамандар өз ойларын ашық айтып, жақсы ниеттерін білдірді
