9, 10 сынып оқушыларының ата- аналарымен өткізілген жиналысы » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 9, 10 сынып оқушыларының ата- аналарымен өткізілген жиналысы
17
мамыр
2021

9, 10 сынып оқушыларының ата- аналарымен өткізілген жиналысы


№34 жалпы  орта  білім беретін   мектебі


9, 10 сынып  оқушыларының  ата- аналарымен   өткізілген     жиналысының хаттамасынан  көшірме №9

 13.05.2021 ж                                                                                  


 Қатысқандар : 18 адам

Мұғалімдер -7

 Далиев Е. А.

 Исраилова Т.

 Акылбаева И.

 Бекмаханбет Э.

 Алдангорова Ш.

 Еркехожаева А.

 Нурмаханбетова Г.

 Муртазаева Г.

 Мектеп кураторы-1

Избасарова Г.                                                                                     

Ата-аналар -9 

Кадиркулова Ш.

Қалқамбаева А.

Сыдыкова Г.

Көбегенов С.

Нуралбеков А.

Ноғайбаева Ш.

Таласбаева Б.

 Ибакова Р.

Алпамысова А.

Күн  тәртібі:

1.2020-2021 оқу жылының аяқталуы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасы негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып,салтанатты жиынды өткізу(іс-шара 40 минуттан аспауы керек);

-мектеп бітіру, аттестат алу салтанатты жиындары кезінде мектеп  түлектерінің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес мектеп формасын киюі міндетті;

-қорытынды аттестаттау кезінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарынан ақша жиналмау,дастархан жайылмауы,сыйлықтар берілмеуі;

-мектеп әкімшілігі,педагогтар,ата-аналар,құқық қорғау органдары мен өртке қарсы қызмет көрсету өкілдерінен кезекшілік бекіту;

-бітіру кештерінің мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл көтеретін мекемелерде өткізілмеуі;

-оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаз кезіндегі судағы қауіпсіздік,тауға шығу,көшеде түнгі мезгілде жүрмеуі,карантин талаптарының сақталуы туралы ақпаратты жаднамалар тарату;

-ата-аналарға,сынып жетекшілерге кибербуллинг,буллинг,туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Тыңдалды:

Күн тәрбіндегі мәселе бойынша  мектеп директоры Е. А. Далиев түсіндірме жұмысын жүргізді.              Е. А. Далиев жиналысқа қатысушыларға Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  2021 жылғы  5 мамырдағы №203 бұйрығын орындау, сондайақ меншік нысанына және ведомстволық   бағыныстылығына  қарамастан  2020-2021 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқталады.Оқу сабақтарының  аяқталуы- 2021 жылғы  25 мамыр . 9 сынып білім  алушыларының   қорытынды бітіру  емтихандары – 2021 жылғы  28 мамыр-5 маусым аралығында.11 сынып  білім алушыларының  мемлекеттік бітіру  емтихандары- 2021 жылғы  1-10 маусым аралығында  қорытынды аттестатату  мынандай мерзімдерді бекітілді. Санитарлық талаптарды сақтай отырып   28.05.,2.06,5.06 күндері    қорытынды бітіру  емтихандары 9 сынып  білім алушылары үшін емтихан өткізіледі. 11 сынып  білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып 1.06,4.06,7.06,10,06   күндері  емтихандар өткізіледі.Қайта қорытынды аттестатау   1-19 маусым аралығында өткізіледі.Оқу жылы  Қазақстан Республикасы Білім және   ғылым министрлігінің 2008 жылғы  18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген  ереже талаптарына сәйкес аяқталатынын, білім сапасын арттыру және  пандемия шектеу шаралары кезеңінде  жіберілген   білім олқылықтарының орнын толтыру  мақсатында   ата-аналардың немесе заңды   өкілдерінің  өтініші  бойынша барлық  ниет білдірген  білім алушылар үшін  оқыту 2021 жылғы  19   маусымға дейін  жалғастырылатындығын айтты. 

    Қазақ   тілі   бойынша  эссе нысанында жазбаша емтихан, эссе  нысанында 2021 жылғы 28 мамыр күні, математика  (алгебра) жазбаша емтихан,( бақылау жұмысы)-2021 жылғы  2 маусым, орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан,(мәтінмен жұмыс , мәтін бойынша тапсырмаларды орындау)2021 жылғы 5 маусым   күні  өткізілетін, 11 сынып  білім алушылар үшін қазақ  тілі   бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан 2021    1 маусым, алгебра  және анализ бастамалары пәнінен  жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) 2021 жылғы 4. Маусым, орыс тілінен тестілеу -2021 жылғы 10 маусым күні өткізілетін, бітіру емтихандарына  байланысты  мектепте   кеңес  беру   кестесі бойынша  сабақтар   өткізіліп жатқанын  айтты.

    2020-2021 оқу жылының аяқталуы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасы негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып,салтанатты жиын өткізілетінін,(іс-шара 40 минуттан аспауы керек); өтілу барысында мектеп бітіру, аттестат алу салтанатты жиындары кезінде мектеп  түлектерінің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес мектеп формасын киюі міндетті екенін, қорытынды аттестаттау кезінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарынан ақша жиналмау,дастархан жайылмауы,сыйлықтар берілмеуі  туралы айтты.  

    Мектеп әкімшілігі,педагогтар,ата-аналар,құқық қорғау органдары мен өртке қарсы қызмет көрсету өкілдерінен кезекшілік бекітілгенін, бітіру кештерінің мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл көтеретін мекемелерде өткізілмеуі туралы,оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаз кезіндегі судағы қауіпсіздік,тауға шығу,көшеде түнгі мезгілде жүрмеуі,карантин талаптарының сақталуы туралы ақпаратты жаднамалар таратылатынын ата-аналарға, сынып жетекшілерге кибербуллинг,буллинг,туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізілгенін айтты.

Сөйлегендер :

1) Қалқамбаева А. - ата-ана 

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  2021 жылғы  5 мамырдағы №203 бұйрығының мазмұнын түсінгендігі және ұлы, 9-сынып оқушысы Болат Ж.   Қорытынды бітіру емтихандарына дайындығын қадағалап, мектептегі  емтиханға дайындық сабақтарына уақтылы жіберіп тұратындығын сондай ақ емтихан болатын күні мектепке кешіпкей келуін өз бақылауына алатындығын айтты. 

2)Сыдыкова Г.  - ата-ана

Бүгінгі жиналыста айтылған түсіндірме жұмыстарына алғыс айта отырып, өз тарапынан қызын қорытынды аттестаттау емтихандарына  дайынығын қадағалайтындығын, соңғы қоңырау күні және емтихан күндері қызының мектеп формасын сақтап келетіндігін айтты. 

Қаулы етті:

1.  2020-2021 оқу жылының аяқталуы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасы негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып,салтанатты жиын  өткізілсін.

2.Мектеп бітіру, аттестат алу салтанатты жиындары кезінде мектеп  түлектерінің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес мектеп формасын киюге   ата-аналар  қарсы  еместігін   ескере отырып бір  ауыздан  келісілсін.

3.Қорытынды аттестаттау кезінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарынан ақша жиналмау,дастархан жайылмауы,сыйлықтар берілмесін.

4.Мектеп әкімшілігі,педагогтар,ата-аналар,құқық қорғау органдары мен өртке қарсы қызмет көрсету өкілдерінен кезекшілік  төмендегі   құрамда  бекітілсін.

Кезекшілік  құрамы:

1.Далиев Е. А.- мектеп директоры

2. Билибаев Н. -   педагог 

3.Көбегенов С. -ата-ана 

4.Алишев А. - мектеп инспекторы 

5. Шашубаев Б.-өртке қарсы  қызмет   көрсету  өкілі 

5.Бітіру кештерінің мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл көтеретін мекемелерде өткізілмесін

6.Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаз кезіндегі судағы қауіпсіздік,тауға шығу,көшеде түнгі мезгілде жүрмеуі,карантин талаптарының сақталуы туралы ақпаратты жаднамалар таратылсын.

7.Ата-аналарға, сынып жетекшілерге кибербуллинг,буллинг,туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.


Мектеп директоры:                         Е. А. Далиев

                   Хатшы:                                     Ш. О. Алдангорова 













Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив