Тамақтану сапасына мониторингі жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына мониторингі жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат
13
қараша
2019

Тамақтану сапасына мониторингі жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат

№34 жалпы білім беретін мектебінің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы асханадағы бір мезгіл тамақтануды ұйымдастыру деңгейіне бақылау жүргізді. Асхана санитарлық нормаға сай. Асханада «Денсаулық бұрышы», «Асхана бұрышы» ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін бақылау үшін бракераждық комиссия құрылған, құрамы бекітілген, іс-шаралар жоспары жасалынған. Мектепте бір мезгіл ата-аналар есебінен ыстық тамақпен 100 пайыз, яғни 92 оқушы қамтылған. Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы жағдайын тексеру барысында комиссия мүшелері асхананың «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына сәйкестігін қарады. Асхананың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес екендігі тексерілді. Тексеру барысында перспективалық, екі апталық ас мәзірі жасалған. Осыған орай мектеп медбикесі З. Кенжетаева тарапынын күнделікті ыстық тамақ жасауға ас мәзірі жасалынып, ілінген. Дайындалып жатқан тағамдар ас мәзіріне сәйкес. Тәуліктік сынама алынған. Тамақ өнімдерінің сапалығына, тағамдарды дайындау технологиясына , тоңазытқыштық технологиялық жабдықтардың жарамдылығына , дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне жүргізілген ас мәзірі бойынша қадағаланған. Оқушыларға берілетін қайнатылған ауыз су күнделікті мерзімі жазылып, ауыстырылып отырады. Күн сайын ас блогында аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырып отырады. Шағымдар мен ұсыныстар кітабы бар, ата-аналар ұсыныстарын жазып отырады.


 



 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив