Тәрбиелік іс -шаралар » Страница 6 » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жаз  мезгілігіндегі  қауіпсіздік ережелері " тақырыбында  тәрбие  сағаты
12
мамыр
2025
"Жаз мезгілігіндегі қауіпсіздік ережелері " тақырыбында тәрбие
N34 жалпы  орта  мектебінде 4-сынып  оқушыларымен"Жаз  мезгілігіндегі  қауіпсіздік ережелері " тақырыбында  тәрбие  сағаты өткізілді.Сабақтың    мақсаты:-оқушыларға жаз  мезгілігінде  болатын  қауіпсіздік  жағдайлар  туралы түсінік  бере  отырып,өз қауіпсіздігін сақтай  білуге  тәрбиелеу. Оқушылырға  жолда  жүру ережесі,шомылу  маусымындағы  қауіпсіздігі,өрт  қауіпсіздігі, құқық бұзушылық,    буллингке тап болған  өздерін  қорғай білуге  баулу.Жаз  мезгілінде қауіпсіз  демалысты қамтамассыз
*«Жаздағы қауіпсіздік ережелері»*
12
мамыр
2025
*«Жаздағы қауіпсіздік ережелері»*
2-сыныпта сыныбында *«Жаздағы қауіпсіздік ережелері»* тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: – оқушыларға жаз мезгілінде болатын қауіпті жағдайлар туралы түсінік беру, өз қауіпсіздігін сақтай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға шомылу маусымындағы қауіпсіздік, жолда жүру ережесі, өрт қауіпсіздігі, күн өту мен улы жәндіктерден сақтану жолдары туралы мәліметтер берді. Балалар өз ойларын ортаға салып, жағдаяттар шешіп, сұрақтарға белсене жауап берді. Мектеп инспекторы Дүйсебай Ерік
"Алау" әскери-патриоттық сапта жүріп ән айту байқауы
07
мамыр
2025
"Алау" әскери-патриоттық сапта жүріп ән айту байқауы
"Алау" әскери-патриоттық сапта жүріп ән айту байқауы №34 ЖОББМ- де  7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мен Отан алдындағы парызын сезіну мақсатында 5–10 сынып оқушыларының арасында "Алау" әскери-патриоттық сапта жүріп, ән айту байқауы өтті. Саптық шеруді бастау үшін қатысушылар ортаға шақырылды. Әр сынып өздерінің патриоттық әндерін орындады.  Нәтижесінде қатысушылар мектеп директорының грамоталарымен марапатталды.
"Жұлдызға жол" тақырыбында балалар ән байқауы
06
мамыр
2025
"Жұлдызға жол" тақырыбында балалар ән байқауы
№34 жалпы орта білім беретін мектепте "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектеп тәлімгері Ақылбаева И. жоспарына сәйкес   1- 4 сыныптар арасында "Жұлдызға жол" тақырыбында балалар ән байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушыларға эстетикалық тәрбие беруді арттыру, бірлікке, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге баулу болды. Байқау 2 кезеңнен тұрды. 1-кезең: "Жүрегімде - Отан үні" патриоттық әндер орындау. 2-кезең: "Әнді сүйсең менше сүй" балалар еркін
«Ұранды елдің ұрпағы қайсар»
06
мамыр
2025
«Ұранды елдің ұрпағы қайсар»
Мектепте 10-сынып білім алушыларыменен «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты ашық тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: 9 -мамыр — *Ұлы Жеңіс күніне* орай оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, батыр бабаларымыздың ерлігін ұлықтау, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақ батырларының рухына тағзым етуге, олардың жанқиярлық еңбегін жас ұрпақтың санасына сіңіруге бағытталған. Сынып жетекшісі: Ж.М.Абдукадирова
«Ер есімі – ел есінде!»
05
мамыр
2025
«Ер есімі – ел есінде!»
2-сыныпта 9-мамыр Жеңістің 80 жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде!» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Оқушыларға  Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Сабақ  цифрлы кітап арқылы  өтілді. Сабақ барысында қазақ батырларының ерліктері туралы айтылды. "Quiz SHOW" викториналық ойын арқылы сабақ қорытындыланды.
«Менің мамандығым өмірге жолдама» тақырыбында тәрбие сағаты
02
мамыр
2025
«Менің мамандығым өмірге жолдама» тақырыбында тәрбие сағаты
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде "Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар – бүгінгі мен болашағы" атты айлық аясында  «Мамандық әлеміне саяхат», «Менің мамандығым өмірге жолдама» тақырыбында тәрбие сағаты 8-сынып оқушыларымен. Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандығын таңдауына бағыт көрсету;  мамандық түрлерімен таныстыру, қызыққан мамандықтарына бағыт беру арқылы саналы таңдауға баулу. Кәсітік мамандықтар туралы ақпарат беру.
«Баланың бақыт формуласы – сүйікті мамандық»
02
мамыр
2025
«Баланың бақыт формуласы – сүйікті мамандық»
«Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар  бүгіні мен болашағы» атты айлығы аясында «Баланың бақыт формуласы – сүйікті мамандық» тақырыбында 7 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараның мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының
«Біз әртүрліміз, бір теңбіз» тақырыбында тәрбие сағаты
30
сәуір
2025
«Біз әртүрліміз, бір теңбіз» тақырыбында тәрбие сағаты
6- сынып оқушыларымен  «Біз әртүрліміз, бір теңбіз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.
"Достығымыз жарасқан" тақырыбында тәрбие сағаты
30
сәуір
2025
"Достығымыз жарасқан" тақырыбында тәрбие сағаты
2- сыныпта  1-мамыр Достық күні мерекесіне орай "Достығымыз жарасқан" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Қазақстан мәдениеті туралы ақпарат беру, әлем мәдениетін таныстыру. Балалардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Туребаева З.Д