06
мамыр
2025
"Жұлдызға жол" тақырыбында балалар ән байқауы
№34 жалпы орта білім беретін мектепте "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектеп тәлімгері Ақылбаева И. жоспарына сәйкес 1- 4 сыныптар арасында "Жұлдызға жол" тақырыбында балалар ән байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушыларға эстетикалық тәрбие беруді арттыру, бірлікке, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге баулу болды.
Байқау 2 кезеңнен тұрды.
1-кезең: "Жүрегімде - Отан үні" патриоттық әндер орындау.
2-кезең: "Әнді сүйсең менше сүй" балалар еркін тақырыпта әндерін айту.
Байқауға 7-білім алушы қатысты. Барлығы өз өнерлерін көрсетіп, сахна мәдениетін сақтап, әндерін орындады. Барлық қатысушылар мектеп директорының мөрімен бекітілген жүлделі орындарға ие болды. Байқаудан суырылып алдыға шыққан 4-сынып білім алушысы Экимқұл Нұрайым "Бас жүлдені" жеңіп алды.
