27
қаңтар
2025
2-сыныпта "Әке - асқар тау" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
№34 ЖОББМ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Құндылықтарға бағытталған тәрбие жұмысы" тақырыбында онкүндіктің жоспарына сай, 2-сыныпта "Әке - асқар тау" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді.Сабақтың мақсаты:1. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
2. ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.
3. Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Сабақ "Менің балам..." ойынымен басталды. Жасанды инеллект көмегімен жасалған балалардың суреттерінен өз баласын табу тапсырылды. Әкелер өз балаларын тапты. "Поэзия минутында" балалар әкелерге арналған жыр шумақтарын айтты. "Логикаңыз қандай?" бөлімінде әкелер суреттер қосындысынан сөз тапты және суретті мақал-мәтелдер табылды. Оқушылар "Әкем - асқар тауым" бөлімінде әкелерге арнау айтты. Әкелерге жағдаяттар берілді. "Сіз қандай әкесіз?" тақырыбында тест берілді. Сабақ соңында "Біз тәртіпті баламыз" әні айтылып, әкелерге арнап жасалған күнтізбелер таратылды.
![]() | ![]() | ![]() |