21
қаңтар
2025
"Бала құқығы - асыл қазына" тақырыбында тәрбие сағаты
2- сыныпта "Бала құқығы - асыл қазына" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Өз құқықтары мен міндеттерін білу, әдеп нормаларын ұстану, сыныптағы және мектептегі мінез-құлық ережелерін сақтау;
- Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту;
Сабақ мұғалімнің кіріспе сөзімен басталды. "Қол соғыңыздар егерде...." тренингі болды. Оқушылар өздері білетін ережеде қол соқты.
"Ата-ананың тәрбиесі - бала мінезінің іргетасы" бейнебаян көрсетілді. "Менің құқығым" әдісі арқылы оқушылар өз құқықтары туралы айтты. Сабақ соңында сынып жетекшісі З.Туребаева оқушыларға үндеу жолдады. "Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың."
![]() | ![]() |