"Бала құқығы – асыл қазына" тақырыбында 11-сыныпта тәрбие сағаты » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Бала құқығы – асыл қазына" тақырыбында 11-сыныпта тәрбие сағаты
20
қаңтар
2025

"Бала құқығы – асыл қазына" тақырыбында 11-сыныпта тәрбие сағаты

№34 жалпы орта білім беретін мектебінде "Бала құқығы – асыл қазына" тақырыбында 11-сыныпта тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларға баланың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру.
2. Құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықтарын қорғауға үйрету.
3. Әділеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар бала құқықтары туралы Конвенцияның 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін халықаралық құқықтық акт екенін білді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы "Баланың құқықтары туралы" заңмен танысып, оның 10 тараудан және 53 баптан тұратынын ұқты. Оқушылар заңның бірнеше бабының мазмұнына тоқталды.
Бала құқықтары – бұл әрбір баланың туғаннан бастап халықаралық және мемлекеттік деңгейде мойындалған, заңмен қорғалатын құқықтары мен еркіндіктерінің жиынтығы екенін оқушылар түсінді.
Мұндай құқықтарға:
Өмір сүру,
Білім алу,
Денсаулық сақтау,
Тұлғалық даму,
Ата-ана қамқорлығын көру,өз пікірін білдіру, қауіпсіз ортада өмір сүру және дискриминацияға ұшырамау құқығы жататынын анықтады.
Оқушылар бала құқықтарын қорғау мемлекеттің және қоғамның басты міндеттерінің бірі екенін түсінді.
Сынып жетекшісі:Муртазаева Г.Б.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив