15
қаңтар
2025
«Абайлаңыз балалар!» республикалық акция
№34 ЖОББМ-де Меркі ауданының білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 13 қаңтардағы №14 бұйрығының негізінде 2025 жылдың 13-23 қаңтар аралығында «Абайлаңыз балалар!» республикалық акция негізінде ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ертаеваның ұйымдастыруымен онкүндіктің ашылу жиыны өтті. Жиын барысында мектеп директоры К.Боржуков және мектеп инспекторы Е.Дүйсебай білім алушыларға жолда жүру ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Білім алушылар жолда жүру ережесін сақтау өз өмірімізді сақтау екендігін түсінді. Ашылу жиында 4-сынып білім алушылары Ашимбек Айқын, Әкімқұл Нұрай, Мұхтар Айару жол белгісін сақтау туралы тақпақтарын айтып, жұмбақтар жасырылды.
