02
мамыр
2024
Е.Дүйсебай мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ертаева 8-11 сынып білім алушылары мен бала қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, кибербуллинг тақырыптары бойынша кездесу
Мектепте 2024 жылдың 2 мамыр күні мектеп инспекторы Е.Дүйсебай мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ертаева 8-11 сынып білім алушылары мен бала қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, кибербуллинг тақырыптары бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында мектеп инспекторы 7-8-9 мамыр мереке күндері кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, (топтық серуен, тау бөктеріне ата-аналарсыз бару, балық аулауға бару, түнгі ойын сауық орталықтарында жүру, кафелерде мереке тойлау), жолда жүру ережелерін сақтау (электр скутерлерімен шағын электр көлік құралдарын басқару), түнгі сағат 23.00 ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеуі, мектеп қабырғасында бұзақылыққа жол бермеу тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түнгі мезгілде 22.00 ден кейін кафеде, ойын сауық орталықтарында, клубтарда, 23.00 ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінсіз көшеде жүргендігі анықталса ата-аналарына 3 АЕК (11076тг) көлемінде айыппұл салынатындығын ескертті.
