07
қыркүйек
2022
"Абайлаңыз-балалар!" атты жедел профилактикалық іс-шарасы
Мектепте 2022 жылдың 1-12 қыркүйек аралығында "Абайлаңыз-балалар!" атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жоспарға сай мектеп инспекторы Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция майоры А.Алишев 1-9 сынып оқушылары мен кәмелетке жасы толмағандар арасында қандай жағдайда жол көлік оқиғасына тап болатыны туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Жасөспірімдер жолда жүрген кезде жол ережесін сақтамағандықтан және жолда жүрген кезде жан-жақтарына қарамай жолдан жүгіріп өтпеу және белгіленбеген жерден қиып өтпеуі керек екендігін айтты. Жолда жүрген кезде ұялы телефон пайдаланбау және наушникпен өлең тыңдап жүруге болмайтындығын түсіндірді. Сондай ақ жолдың бойында ойнамауға және автокөлік келе жатқанда жолдан алыс тұрып автокөлік алыс кеткенше күтіп тұру керек екенін айтып түсіндірді. Мектеп дәлізінде орналасқан стендтен оқушыларға жол ережесін көрсетті.
