21
қаңтар
2025
"Сапалы білім – тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" "Ұлттық қол өнер түрлері. Кебеже жасау"
Бастауыш сынып білім алушыларымен аудандық "Сапалы білім – тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы аясында 20 қаңтар күні Еңбекке баулу пәнінен "Ұлттық қолөнер түрлері. Кебеже жасау" тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімі М.Қалдыбай 3-сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында мұғалім сыныпты "Ұлттық құндылықтар" әдісі арқылы екі топқа бөліп "ТоpIQ" платформасындағы сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексерді. Бейнеролик көрсетіп, оқушылар сұрақтарға жауап беріп, "Кроссенс" әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашты.
Жаңа сабақ түсіндіріліп, сабақ барысында практикалық тапсырма берілді. Жұп болып "Кебеже" бұйымын орындады.
Жұптар орындаған жұмысын критерий бойынша бағалады. Сабақты қорытындылау мақсатында "Wordwall" платформасы арқылы сұрақтарға жауап берді. ""Плюс, минус, қызықты " әдісімен рефлексия жүргізілді.
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |