14
қаңтар
2025
"Сапалы білім – тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" "Секреты зимы" тақырыбында ашық сабақ
Бастауыш сынып білім алушыларымен аудандық "Сапалы білім – тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы аясында 14 қаңтар күні орыс тілі пәнінен "Секреты зимы" тақырыбында орыс тілі мұғалімі Муртазаева Г.Б. 4-сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында мұғалім сыныпты "Гирлянда" әдісі арқылы екі топқа бөліп, "Wordwall" платформасы арқылы үй тапсырмасын тексерді. Жасанды интеллекттің көмегімен бейнеролик көрсетіп, оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашты. "Қыс" тақырыбында бейнетаспа көріп, кластер құрды. Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстарды орындады. Жеке жұмыста "Quizlet.com" платформасы арқылы суреттер мен жаңа сөздерді сәйкестендірді. Бұл тапсырма оқушылардың жаңа сөздерді оңай әрі жылдам меңгеруіне ықпал етті. Топтық жұмыста оқушылар "сипаттау және әңгімелеу" мәтін түрлерімен тапсырмалар орындап, білімдерін шыңдады. Жұптық жұмыста оқушылар екі жай сөйлемнен құрмалас сөйлемдер құрастырды. Сабақты қорытындылау жұмысы ретінде "Смайлик настроения" бағалау түрімен рефлексия жүргізілді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Муртазаева Г.Б.
