«Бастауыш сынып-білім бастамасы» айлығының жоспарына сәйкес қазақ тілі пәнінен «Дауыссыз қ мен ғ» тақырыбында ашық сабақ » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бастауыш сынып-білім бастамасы» айлығының жоспарына сәйкес қазақ тілі пәнінен «Дауыссыз қ мен ғ» тақырыбында ашық сабақ
10
қазан
2023

«Бастауыш сынып-білім бастамасы» айлығының жоспарына сәйкес қазақ тілі пәнінен «Дауыссыз қ мен ғ» тақырыбында ашық сабақ

N34 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұсаева Г. М. 2-сынып оқушыларымен «Бастауыш сынып-білім бастамасы» айлығының жоспарына сәйкес қазақ тілі пәнінен «Дауыссыз қ мен ғ» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты:  Қ, ғ әріптерінің емлесін сақтап жазады. Негізгі ойды анықтап, сұрақтарға жауап береді. Сабақты оқушылардың көңіл-күйін сұрап, жағымды ахуалмен бастады. Үй тапсырмасын «жарық» әдісі арқылы пысықтап, жаңа сабақ тақырыбын дауыссыз дыбыс түрлеріне ажыратып  «құмырадағы гүл» әдісімен өткен дыбыстарды қайталай отырып, осы дыбыстарға байланысты жұмбақ шешіп жаңа сабақ тақырыбын ашты. Жаңа сабақта «сиқырлы дөңгелекті» айналдыру арқылы тапсырманы орындап ережені құрастырды. Жұптық жұмыс «пазл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді. Топтық жұмыста оқушылар «стоп кадр» әдісі арқылы жұмбақты шешіп, қарамен берілген сөзге дыбыстық талдау жасады. Оқушылар жұмысы «термометр» әдісі арқылы бағаланып отырды. Сабақты қорыту үшін «plickers»  платформасында тест сұрақтарына жауап берді. Оқушылар өте белсенді болды, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Кері байланыс «Көз,жүрек,қол» әдісі арқылы жүрді. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив