01
қыркүйек
2022
"Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында салтанатты жиын
Мектепте 1 қыркүйек "Білім күніне" орай "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында салтанатты жиын өтті. Мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл -күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Салтанатты жиында мектеп директоры Е.А.Далиев барша ұстаздар мен білім алушыларды, ата -аналарды білім күнімен құттықтады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Білімді ұрпақ тәрбиелеу-басты міндет" баяндамасында көрсетілгендей білім саласында біздер үшін үлкен парыз жүктеліп отырғандығын айтып өтті. Былтырғы оқу жылының жетістіктерін айта келе, биылғы оқу жылындағы өзгерістер оқу аптасының 36 аптаға ұзарғандығымен таныстырды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына салтанатты түрде Әліппе табысталып, бүлдіршіндер өз тілектерін тақпақтар арқылы жеткізді. Салтанатты сап түзеуге Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері Г.Ізбасарова қатысып, өз тілегін білдірді. Сонымен қатар қазіргі таңда әскери борышын өтеп жүрген мектебіміздің түлегі Д.Баеке салтанатты сап түзеуге қатысып оқушыларға жүрек жарды тілектерін айтып, Отанымызды құрметтеуге шақырды.1-сынып оқушылары алғашқы қоңырау соғып салтанатты жиынды жақсы көңіл күймен аяқтады.