04
маусым
2021
«Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты мерекелік жиын
4 маусым ҚР-ның Мемлекеттік рәміздер күніне орай мектепте «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты мерекелік жиын өткізілді. Мақсаты: оқушылар бойына еліміздің рәміздерін құрметтеп, қастерлей білу қасиетін дарыту.
Жиынды құттықтау сөзімен мектеп директоры Е. А. Далиев ашты. Жиын барысында жазғы мектеп оқушылары мен «Достық -2021» саықтыру алаңының балалары ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы өлең шумақтарын оқып, Отан, ел, туған өлке туралы әндер айтты, 2-сынып оқушылары «Қуыршақтар» биін билеп, мерекені одан әрі қызыта түсті. Мерекелік жиын оқушылардың флешмоб биімен аяқталды.
Осыдан тура 29 жыл бұрын, нақты айтқанда 1992 жылдың 4 маусымында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойған еді. Ал «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды.