03
мамыр
2021
"Ынтымағы жарасқан елміз"
1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 26 сәуір күні "Ынтымағы жарасқан елміз" тақырыбында мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешті мектеп директоры Е. А. Далиев құттықтау сөзімен ашып, оқушыларға мерекенің мазмұны мен мәні туралы баяндап берді. Әрі қарай кеш қазақ, өзбек, орыс әндерімен жалғасты. 2 сынып оқушылары Құрманбек А. мен Рысбек А. "Әдемі ау" биін нақышына келтіріп орындаса, өсер Н. "Атамекен" өлеңін мәнерлеп оқыды. Сондай ақ кеш барысында мектебіміздің өнерлі оқушылары өзбек, үнді, испан, грузин, манғол билерін билесе, 5 сынып оқушылары " Екі дос" көрінісін сахналап берді. Концерт соңында "Атамекен" әні хормен орындалды.
