25 күні «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!» тақырыбында өткен салтанатты мерекелік жиын
айының 25 күні «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!» тақырыбында өткен салтанатты мерекелік жиын туралы
ХАБАРЛАМА
2018-2019 оқу жылында 11-сыныпты 6-оқушы аяқтады. Мектеп дәлізі талапқа сай безендіріліп,салтанатты мерекенің көрігін қыздырды. Лүпіл қаққан жүректің қимастық пен арман сезімдері араласқан жас түлектер үлкен өмір баспалдағының алғашқы қадамын да басты. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздардың ойы толып, есейіп, сүйікті мектебімен де қош айтысты. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізіліп, гимні шырқалған соң салтанатты түрде ашылды. Құттықтау сөз мектеп директоры Далиев Ержан Ақылбекұлына берілді:
- Құрметті қонақтар, жиылған қауым! Бүгінгі соңғы қоңырау мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мектеп бітіруші жас түлек, бүгін сендер үлкен жолға сапар шеккелі тұрсыңдар. Елінің үміті мен сенімін ақтар, жаңа заман түлектері еліміздің дамуына өз үлестерін қосып, ертеңгі күннің көшбасшысы болатындарыңа кәміл сенімдімін. Сендерге жарқын өмір мен баянды болашақ, ақ жол тілеймін.
Осыдан соң түлектердің ата-аналары атынан сөз алған Манапова Салима барша ұстаздар қауымына өз ризашылығын білдіріп, түлектерге сәт-сапар тіледі. Алғашқы ұстазы Ералы Гүлзат пен сынып жетекшісі Күзембекова Райхан да өздерінің жылы лебіздерін айтты. Ал, жас түлектердің «Қош бол, мектебім» атты әні, «Қоштасу вальсі» діріл қаққан сезімдерін одан әрі толқытып жіберді. Алғаш қолдарына гүл шоғын алып, мектеп табалдырығынан аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естіді. Ал бүгінгі қоңырау үні бұл шәкірттер үшін тым ерекше болды. Себебі , ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау, балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау болды. Соңғы қоңырау соғу салтанатын 11-сыныптың дарынды оқушылары Ақылбеков Диас, Дүйсенғали Алима және 1-сыныптың оқу үздіктері Алимхан Інжу мен Алдаберген Ерасыл соқты. Қанат қаққалы тұрған шәкірттерге, келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түкпірінде болсаң да, міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, сүйікті ұстаздарыңды, бірге оқыған достарыңды, осы толғандырар минуттарды естен шығарма дегіміз келеді. Ал мектеп бүлдіршіндерінің алдында көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз күтіп тұр.















