04
наурыз
2025
«Құқық бұзушылықтың және жол-көлік оқиғаларының (мопед, электроскутер) алдын алу»
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 3 наурыз күні «Құқық бұзушылықтың және жол-көлік оқиғаларының (мопед, электроскутер) алдын алу» тақырыбында 8-10 сынып білім алушылары мен түсіндіріру жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторы тарапынан электр скутерлері мен шағын электр көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережесін бұзу туралы алгоритммен таныстырды. Кәмелетке толмаған адам (18 жасқа толмаған) КҚ-ын жолдың жүріс бөлігі бойынша басқарады: қорғаушысының қатысуымен (егер кәмелетке толаған болса) ӘҚБтЛ-нің 620 бабы бойынша «Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу» хаттамасы жасалады. Шағын электр көлік құралының жүргізушісі жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзуға жол берді: 16 жасқа толмаған адам КҚ-ын жолдың жүріс бөлігі бойынша басқарса тұрғылықты жері бойынша жеткізіліп, ата-анасына қатысты ӘҚБтК-нің 127 бабы бойынша «кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» хаттамасы толтырылатыны туралы айтты. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түнгі мезгілде көшеде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінсіз жүрмеуі, ораза айында мешітке тарауық намазына ата-аналарынсыз немесе заңды өкілінсіз баруға болмайтындығы туралы айтып өтті. Ораза кезінде сыныптар арасында ауыз ашар жасауға, көшеде топталып жүріп жарапазан айтуға тыйым салынатындығын түсіндірді.
![]() | ![]() |