16
қаңтар
2024
"Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, жол-көлік қауіпсіздігі, жасөспірімдер және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу" тақырыбында
Мектепте 2024 жылдың 16 қаңтар күні "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, жол-көлік қауіпсіздігі, жасөспірімдер және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу" тақырыбында Меркі АПБ-ң ЖПҚБ УПИ полиция капитаны М.Укибасов және мектеп инспекторы ЮПТ полиция майоры А.Алишев, мектеп директоры К.Боржуковтың қатысуымен 8-11 сынып білім алушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында ұрлық бабы, электронды темекі, , насыбай, ішімдік бабы, суық қару бабы, құқық бұзушылық бабын, зорлық- зомбылық бабы, әлімжеттік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар кездесу барысында білім алушыларға сабақтан себепсіз қалмауын, себепсіз қалған жағдайда ҚР ӘКБТК-нің 127-б 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке 10АЕК, яғни 36920тг айыппұл салынатынын айтты. Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік ережелері мен құқық бұзушылықтың, мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу, балалар қауіпсіздігіне арналған ережемен таныстырып өтті. Жауапты: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ертаева

