19
қыркүйек
2025
"Отбасы – бақыт мекені" тақырыбында тәрбие сағаты
№34 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып білім алушыларымен "Отбасы – бақыт мекені" тақырыбында сынып жетекшісі А Акылбаева тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға отбасының адам өміріндегі орны мен маңызы түсіндірілді. "Отбасы – бақыт мекені" ұғымы – адамның алғашқы тәлім-тәрбиені алатын, мейірім мен махаббатқа бөленетін қасиетті ұясы екені атап өтілді.
Отбасы – әр адамның өміріндегі басты тірек, өмірлік құндылықтардың қалыптасатын ортасы. Онда адам сүйіспеншілікке, қамқорлық пен сенімге бөленіп, рухани байлықты бойына сіңіреді. Бақытты отбасы – өзара түсіністік, татулық пен сыйластықтың нәтижесі екені айтылды.
Іс-шара барысында оқушылар отбасы туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, белсенділік танытты.
