20
ақпан
2023
"Кәсіби бағдар -болашаққа жол" тақырыбында онкүндіктің ашылуы
№ 34 жалпы орта білім беретін мектебінде 20.02.2023 жылы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған"Кәсіби бағдар -болашаққа жол" тақырыбында онкүндіктің ашылуы өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың түрлі кәсіпке қызығушылықтарын арттыру, мамандықтар туралы ой өрісін кеңейту, мамандықты дұрыс таңдаудағы басты қағидаларды түсіндіру. Онкүндіктің ашылуында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Н.Ертаева сөз алып « Мамандықты дұрыс таңдау, табысты өмірдің кілті» дей келе кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған онкүндікті ашып, , мамандықтар туралы білім алушыларға айта отырып, педагог кәсіби бағдар беруші Б.Қайратқызына сәттілік тіледі.
Онкүндіктің ашылуы барысында білім алушылармен « Армандар » жаттығуымен басталды. «Армандар» жаттығуында білім алушылар терең дем алып өз арманында жүрген мамандықтарын елестете отырып болашақттарын ойластырды. Педагог кәсіби бағдар беруші білім алушыларға мамандықтар туралы видеоролик көрсетіп, мамандық таңдау факторторларымен, мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер туралы айта отырып білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып, түрлі мамандықтарға байланысты жұмбақтар жасырды. Білім алушылар ашылу салтанаты барысында «Мамандық дегеніміз не?» деген сұраққа ассоциограмма жасап, әр білім алушы өз пікірлерін жазды. Ашылу салтанатына барлық білім алушылар белсене ат салысты.
"