13
қаңтар
2023
"Мамандықты таңдау-өмірді таңдау" және "4 мамандық-4 таңдау" тақырыбында өткізілген семинар
№34 жалпы орта білім беретін мектебінде педагог- кәсіби бағдар беруші Б.Қайратқызының ұйымдастырумен білім саласының маманы, кәсіби бағдар беруші, Eduser.kz сайтының негізін қалаушы, аналитик Айдос Жұманазаров пен СДУ/SSC департамент директоры, мотиватор,профорентатор маманы Омарбек Көшкімбайұлының "Мамандықты таңдау-өмірді таңдау" және "4 мамандық-4 таңдау" тақырыбында өткізілген семинарға онлайн түрде 9-11 сынып білім алушыларын қатыстырды. Семинардың мақсаты: білім алушылардың мамандық таңдауда қателеспеуін, дұрыс мамандық таңдай білуге кеңестер беру арқылы бүгінгүі оқушы-ертеңгі студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, олардың дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету, қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру және өздері таңдап отырған мамандықтар еліміздің қандай ЖОО бар екенін түсіндіріп айту. Семинар барысында білім алушылар өздерінің көкейкесті сұрақтарына жауап алып, мамандықты қалай дұрыс таңдай білуді ескере отырып жақсы маман иелері болып шығатындарына көз жеткізді. Семинарда Айдос Жұманазаров өзінің бастамасымен басталған Eduser.kz сайтында түсіндіріп, білім алушыларға ол жерде барлық мамандықтың бар екенін және соны пайдалана отырып өз болашақтарын құруға ықпал ететіндігін түсіндірді.
