02
ақпан
2023
«Әр маман өз ісінің шебері» тақырыбында конференция
№ 34 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру іс шаралар жоспарына сай педагог-кәсіби бағдар беруші Б.Қайратқызының ұйымдастыруымен 8,9,10,11 сынып білім алушыларымен «Әр маман өз ісінің шебері» тақырыбында конференция өткізді. Конференцияның мақсаты: білім алушыларға әр мамандықтың маңызын түсіндіре отырып дұрыс мамандық таңдауға ықпал ету, болашақта таңдаған мамандықтарын « Мамандыққа да махаббат» керек демекші болашақ маман иесі атанғаннан кейін өз мамандығын шын ықласпен істесе ғана өз мамандығының шебері болатынын түсіндіру. Конференция ең алдымен « Көңілді стикер» сергіту сәтімен басталды. Сергіту сәтінде әр оқушы өзіне ұнаған стикерді таңдап бүгінгі күнге жақсы тілектер білдірді. Конференция барысында кәсіби бағдар беруші Б.Қайратқызы білім алушыларға мамандықтар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, интербелсенді тақтаны қолдана отырып білім алушылармен түрлі мамандықтарға шолу жасап, конференция өткізді. Конференция соңында білім алушылар өз ойлары мен таңдайтын мамандықтары туралы айтып ойларымен бөлісті.
