26
сәуір
2022
Тұрлыбай батыр ауылдық кітапханасының кітапханашысымен кездесу
"2022 жыл- балалар жылы" деп бекітіліп, елімізде биылғы жылда бала денсаулығы мен тәрбиесіне, әлеуметтік қамтамасыз етілуіне баса назар аударылуда. Аудандық білім бөлімінің "Балалар жылы" шеңберінде әр сейсенбі күні білім алушылар түрлі сала қызметкерлерімен кездесу өткізуі қажет. 26 сәуір күні мектебіміздің білім алушылары Тұрлыбай батыр ауылдық кітапханасына қонаққа барды. Кітапхана меңгерушісі Г. Омашова "Қазақ әдебиетінің алыптары" тақырыбында кездесу өтіп, оқушыларды өзінің еңбек жолымен, кітапхананың тарихы, тыныс- тіршілігімен таныстырды. Іс -шараның негізгі бөлімінде қазақ әдебиетінің тарландары- А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев , Ш. Мұртаза және биылғы мерейтой иелері Ғ. Мустафин, Ғ. Мүсірепов сынды ақын - жазушылардың шығармашылығына тоқталды.Шығармалардың негізгі ойы, рухани тереңдігі, оның тәрбиелік мәні туралы пікір алысу жүрді. Оқушылардың қазақ әдебиеті бойынша білімдерін саралау мақсатында "Авторын ата", " Мақалды аяқта" атты блиц ойын жүргізді. Кездесу соңында Г. Омашова оқушыларға "Кітап тілсіз ұстаз, руханилықтың қайнар бұлағы. Сондықтан кітапты оқу рухани баю деп кітапты көп оқуға шақырды.
