Меркі ауданының білім бөлімінің 2022 жылдың 18 сәуірдегі № 490 хатына сәйкес 22 сәуір күні 11-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы болды. » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Меркі ауданының білім бөлімінің 2022 жылдың 18 сәуірдегі № 490 хатына сәйкес 22 сәуір күні 11-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы болды.
18
сәуір
2022

Меркі ауданының білім бөлімінің 2022 жылдың 18 сәуірдегі № 490 хатына сәйкес 22 сәуір күні 11-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы болды.

Меркі ауданының білім бөлімінің 2022 жылдың 18 сәуірдегі № 490 хатына сәйкес 22 сәуір күні 11-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы болды. Күн тәртібінде 1.2021-2022оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау іс-шараларын өткізу мақсатында және сыйлық жасауға заңсыз қаражат жинауға тыйым салынғандығы туралы 
2.Қорытынды аттестаттау өткізудің ережелерімен таныстыру болды. 
Мектеп директоры Е. Далиев   сөз алып 2021-2022оқу жылының аяқталуына байланысты 25-мамырда соңғы қоңырау дәстүрлі түрде өткізіледі. Ата-аналар,мерекелік іс-шаралар өткізу мақсатында және мұғалімге сыйлық жасауға заңсыз қаражат жинауға тыйым салынуда. Сондықтан ата-аналар,балаларыңызға сыйлық алуға ақша бермеңіздер. Өте қатты қадағаланады және заң алдында ақшалай не заттай сыйлықты беріп жатқанда,оны алған адам да жауапты екендігін айтты. Сонымен қатар үйлерінде немесе мейрамханаларда,тау бөктерлеріне кафелерге және басқада ойын –сауық мекемелерінде кеш өткізуге, машиналар шеруіне тыйым салынатынын ескертті.
Директордың оқу-тәрбие ісі бойынша  орынбасары А. Акылбаева     11-сыныптардың қорытынды аттестаттауы туралы айтты. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Орта білім беруде білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады. Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасын меңгерген барлық мектеп бітірушілер төрт міндетті және бір пән таңдау пәні бойынша емтихан тапсырады.
1) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 2022 жылғы 27 мамыр; 
2) қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан – 2022 жылғы 30 мамыр;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2022 жылғы 2 маусым;
4) орыс тілі және әдебиетінен жазбаша емтихан – 2022 жылғы 7 маусым;
5) таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Әдебиет, Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан - 2022 жылғы 10 маусым-тапсырады деп айтып өтті
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив