15
қараша
2021
Мектепішілік ата-аналар жиналысы

Ағымдағы жылдың қараша айында №34 ЖОББМ жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс семинар-тренинг форматында жүрді. Бірінші қаралған мәселе, ол оқушылардың І тоқсан бойынша үлгерімі туралы болды. Семинар-тренингте мектеп психологі Г. Нурмаханбетова ата-аналармен "Буллинг, кибербуллинг дегеніміз не?" тақырыбында коучинг өтіп, онда кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын зорлық - зомбылыққа тоқталды. Сондай-ақ, ата-аналарға онлайн ойындардың зияны мен пайдасын ұғындыру мақсатында топтық жұмыстар жүргізіп, қазіргі уақытта әлемдегі, оның ішінде өзіміздің Қазақстанда да балалардың қызығушылық танытып, ойнап жүрген "Free fire" "Мафия" т.б. ойындарының зияны басым екендігіне көздерін жеткізді. Әсіресе сонңы кезде ересектер мен балалар арасында ерекше танымал бола бастаған корея киножанырының аса қаталдығымен адам өлтіруге үйрететін "Игра в кальмара" ойынын балаларға мүлдем ойнатуға болмайтынын ерекше басып айтылды. Семинар барысында ДТІЖО Т. Исраилова "Бақытыңды балаңнан ізде" тақырыбында тренинг өтті.