02
қараша
2021
Жомарт түлек. "Мектепке тағзым" жобасы
Қоғамға қозғау салған Елбасы ұлтты ұйыстыруға, кешегімізді саралап, келешегімізді кемелдендіруге үндеп, «ұлттық кодты» сақтап қалудың сан алуан бағытын байыптайтын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында бүгінгі таңда мектебімізде «Жомарт түлек» акциясы кең көлемде өткізілуде. Жас ұрпаққа туған жерге тағзым етудің үлгісін көрсету, сол арқылы оларда сананың ашықтығын дамыту, табысты болу жолында бәсекеге қабілетті қалыптастыруға ықпал ету, білімнің салтанат құруы үшін заманауи материалдық-техникалық базаны нығайтуды жүзеге асыру мақсатындағы іс -шара" Мектебім - алтын ұям" тақырыбында мектеп түлектері, ағайынды«Жусан» банк АҚ басқарма бастығы Баякеев Серік Қошығұлұлы мен «Фридомфинанс» банкінің жетекші маманы Баякеев Жансейт Қошығұлұлының онлайн кездесуімен жалғасын тапты. Кездесу барысында мектеп түлектері бүгінгі күні жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері - білім нәрімен сусындатқан ұстаздардың еңбегі екенін атап өтті. Әр адамға өзінің ұшқан ұясы- мектебі қашанда ыстық болатынын, балалық шағының қызықты сәттері де сол мектеп қабырғасында болатынын айта отырып, оқушыларға алтын уақыттарын сапалы білім мен саналы тәрбие алуға жұмсаңдар деген ағалық ақылдарын да жеткізді. Мектептің күрделі жөндеуден өтуі көңіл құантарлық жағдай екенін айта отырып, жаңарған мектепте сапалы ауыз су болсын деген ниетпен суға арналған диспенсерлер тарту етті. 

