Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар » ЖОББМ №34 Қызыл таң
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№34 жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар
15
сәуір
2022

Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар

Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына  арналған мерейтойлық шараларды дайындау және өткізу бойынша облыстық іс-шаралар жоспарының 6- тармағын орындау мақсатында 2022 жылдың 15 сәуір күні мектепте 5-11 сыныптарда " Асанбай Асқаров: өмір жолы мен ерен еңбегі" тақырыбында бірыңғай  сынып сағаттары өтілді. Іс-шара барысында оқушылар Мемлекет және қоғам қайраткері, академик, профессор, Алматы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрметті азаматы Асанбай Асқаров ел дамуына сүбелі үлес қосқан, қазақтың асыл перзентінің өмірі, еңбек жолымен танысты. Алаш перзентінің ел алдындағы азаматтық борышына деген адалдығы мен халқына деген қамқор пейілі туралы оның ел мен қазақ жеріне жасаған ісі өзі ақ анық айтып тұрғанын ұғынды. 1978-1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Асанбай ағамыз артында өшпес із қалдырды. Өңірдің өндірісін, ауыл шаруашылығын, әсіресе мақта шаруашылығын, қала құрылысын дамытуды мықтап қолға алды. Шымкент қаласында халықтың демалуы үшін қоқыс жиналып келген 140 га жерді дендробаққа айналдырып, бюджеттен бір тиын да алмай, бірде-бір облыста жоқ зообақ, балалар темір жолын, ипподром салдырды. Еліміздің өсіп-өркендеуіне шексіз үлес қосты. Сондықтан да, халқымыз Асанбай Асқаровты туған халқын шын сүйген тау тұлғалы азамат ретінде ерекше құрметтейтіні туралы ақпарат алып, осындай нар тұлғаның жерлестері болғанына қуанышты екендіктерін жеткізді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив