27
сәуір
2021
"Мұхит асқан қазақ қызы"
Ағымдағы жылдың сәуір айында №34 ЖОББМ Қазақ КСР-інде дипломатиялық корпус кұруға көмектескен қазақ -кеңестік оқытушы және мемлекет қайраткері - Балжан Бөлтірікованың 100 жасқа толуына орай мектеп оқушылары арасында"Мұхит асқан қазақ қызы" тақырыбында блиц-турнир өтілді. Блиц-турнирде Б. Бөлтірікқызының өмірі, еңбек жолы туралы сұрақтар берілді. Біс-шара екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар тест тапсырмаларына жауап беріп, неғұрлым көп ұпай жинаған оқушылар келесі "Зымыран сұрақтар" кезеңіне өтті. Бұл кезеңде қойылған сұрақтарға оқушылар бірінші болып жауап беріуге тырысты. Турнир соңыда мәреге Екі оқушы, Ерғали Г. мен Исраил А. жетті.
