11
наурыз
2022
"Суасты тіршілігіне қамқорлық" тақырыбында ашық сабақ
Бастауыш сынап бірлестігінде "Жаңартылған білім мазмұнын іске асырудың тиімді жолдары" айлығы барысында4-сынып мұғалімі З.Туребаева әдебиеттік оқу пәнінен "Суасты тіршілігіне қамқорлық" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерін келтіре отырып дәлелдеу. Сабақта "Фишбоун", "Зерте", "Біліміңді қолдан", "Ашық және жабық сұрақтар" стратегиясы әдістерін қолданды. Осы әдістер арқылы оқу мақсатына бағытталған топтық, жеке жұмыстар жүргізілді.
